Меню

Страницы

Статья

Тұтыну бағасының индексі

Ай сайын Панфилов ауданының Статистика қызметкерлерімен тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасын тіркеу жүргізіледі. Тұтыну бағасының индексі (ары қарай ТБИ).

ТБИ халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды.

         ТБИ тұтыну бағасының өңірлердегі және елдегі өзгерісін көрсететін олардың шынайы серпінін айқындау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нақты топтарына бағаның қозғалысы туралы егжей-тегжейлі көріністі қамтамасыз ету үшін есептеледі.

Сауда объектілерінің қамтылуы сауда жасауға қатысты үй шаруашылықтарының мінез-құлқымен анықталады. Баға тіркеуді аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) сауда объектілерінде жүргізеді. Үй шаруашылықтары сауда жасайтын барлық сауда объектілері ТБИ қамтылуына енгізіледі және базалық объектілерді іріктеу үшін іріктеменің негізін құрайды.

Базалық объектілердің іріктеме жиынтығына қойылатын негізгі
өлшемшарттар – өңірлік және салалық бөліністерде репрезентативті болуы тиіс.

ТБИ-ды байқау саласында негізгі емес немесе қажетсіз ретінде қандай да бір ерекшеліксіз, негізгі халыққа арналған мәнді беретін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің барлық түрлері қамтылады. Іскерлік мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер, бағалы заттарды сатып алуға арналған шығыстар, табыс салықтарын төлеу, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарналар және айыппұл тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне жатпайды немесе индексті қамту саласынан алып тасталады.

Бағаны тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекендерінің, елді мекеннің сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің), олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды. Бағалары тіркелетін базалық объектілерге, тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты іріктеме көлемі мен іріктеу әдістері қадағаланатын бағалардың репрезентативті сипатын және индекстің дәйектілігі бойынша талаптарды сақтау үшін олардың жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.

         Қоғамның индекске деген сенімін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу және есептеу рәсімдерін сипаттау буклеттер, кітапшалар және басқа да басылымдар түрінде жарияланады және Бюро сайтында қолжетімді.

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
18 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Ақпарат
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Ақпарат
01 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы