Меню

Страницы

Статья

ҮЕҰ жетекшілері назарына!

Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына кезекті есепті кезең өтетінін хабарлайды. 2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерекқорына  мəліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған.

Анықтама: «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 бабының 5 тармағына сəйкес: Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік жəне жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк жəне халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi жəне жұмсалу бағыттары туралы мəліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уəкілетті органға ұсынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тəуелді жəне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сəйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар,

діни бірлестіктер жəне кəсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 68 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген ҮЕҰ өз қызметі жөніндегі мəліметтерін ұсыну Қағидаларына (бұдан əрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді.

Осылайша, Қағиданың 7-1-тармағына сəйкес «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сəйкес есепті кезең басталғанға дейін жəне есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мəліметтерін ұсынбайды».

Жалпы, ҮЕҰ дерекқоры бойынша барлық ақпарат infonpo.gov.kz интернет-порталында орналастырылған. Анықтама:infonpo.gov.kz басты бете ҮЕҰ дерекқорына мəліметтер ұсыну нысаны, ҮЕҰ үшін нұсқаулық, бейне нұсқаулық орналастырылған.

НҚА бөлімінде: «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мəліметтерін ұсыну жəне олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығы,

Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мəліметтерді ұсыну жəне олар туралы дерекқорын қалыптастыру тəртібі туралы əдістемелік ұсынымдар.

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Ақпарат
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Ақпарат
01 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы