Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2022 жылғы наурыз айының 14 күні сағат 15-00 де Панфилов ауданы Талды ауылдық округі Лесновка ауылына қарасты мәдениет үйінде өтетін жиынның күн тәртібінде Лесновка ауылының атауын «Талды» ауылы деп өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз:
"Талды" - тал-терек көп сетін, көкорай шалғынды, жасыл желекті, саясы мол, шөбі шүйгінді өңір дегенді білдіреді. Мұндай жер ел-жұрттың өмір сүруіне, жан-жануардың тіршілік етуіне өте қолайлы мекен болып есептеледі.