Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ жылжымалы кеңселері биыл 762 елді мекенге қызмет көрсетті

Еліміздің кең байтақ мемлекет, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатыны  белгілі. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерімен бүкіл республика аумағын қамту мүмкін емес. Әрі ғаламтор желісі де барлық жерге жетпеген. Дегенмен Қор қызметімен жұртшылықты барынша қамтамасыз ету мақсатында шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына арнап, үш жыл бұрын «Жылжымалы кеңсе» жобасы бастау алған болатын. «Жылжымалы кеңсе»  - салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған,  жерсеріктік байланысты бар шағын автобус.

Айта кетерлік жәйт, шалғай ауылдардың тұрғындары «Жылжымалы кеңседе» БЖЗҚ бөлімшелерінде алуға болатын барлық қызмет түрлерін ала алады. Олардың ішінде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, салымшы деректемелеріне өзгерту/толықтырулар енгізу, хабарландыру тәсілі туралы келісімге отыру, мүгедектік немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемақы алуға өтініш беру және т. б. қызмет түрлері бар.

2021 жылдан бері  БЖЗҚ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы шалғай орналасқан елді мекендерді жылжымалы кеңселермен қамтыды. Сонымен қатар, мобильдік бөлімшелер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы алыс ауылдарға қызмет көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында осы жоба аясында 70 мыңға тарта салымшылар мен алушыларға барлығы 85 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте жылжымалы кеңселер Қазақстанның 762 елді мекенін аралап шықты. 

Естеріңізге сала кетсек, жылжымалы кеңселер алдын ала жоспарланған кесте бойынша сапарға шығады. Ал барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. Әкімдіктегілер өз кезегінде жергілікті тұрғындарды  «Жылжымалы кеңсенің» келетіні жайлы хабардар етеді.

Дата публикации
10 декабря 2021
Дата обновления
10 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Ақпарат
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Ақпарат
01 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы