Бүгінгі таңда 2021 жылы өтетін Ұлттық халық санағы бойынша БАҚ-да, әлеуметтік желілерде кеңінен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу статистика басқармасы мен аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басты мақсаты. Осыған байланысты 13-14 шілдеде аумақтық департаменттер қоғаммен байланысына жауап беретін мамандар арасында екі күндік семинар-тренинг өткізген болатын.
Алдағы уақытта өңірлерде ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында аумақтық статистика департаменттерінің рейтингі шығарылатын болады. Тамыз–қазан айларындағы рейтинг БАҚ мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар саны, сапасы, таралуы, оқырмандар қамтылуы бойынша жүргізіледі. Соның нәтижиесінде департамент басшысына баға беріле отырып, департамент жұмысының нәтижелілігі анықталатын болады.