Меню

Страницы

Статья

ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУШЫЛАРДЫ САНАУ

Санақты интервьюерлер халық тұратын немесе тұруы мүмкін аумақта орналасқан барлық үй-жайларды аралау тәртібімен өткізеді. Осындай әрбір үй-жайда уақытша жоқ (12 айдан аз) және уақытша (12 айдан аз) тұратын және (немесе) келетіндерді қосқанда, есепке алу сәтінде тұрақты (әдетте) тұрып жатқан халық санаққа алынады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және вахталық әдіспен жұмыс істейтін респонденттерді олардың отбасылары тұратын елді мекенде тұрақты тұратындар ретінде, ал жұмыс орны бойынша – «Осы елді мекенде уақытша жүрген, бірақ Қазақстан Республикасының басқа елді мекенінде тұрақты тұратын респондент» деген 8-тармақтың 8-бағанының 1-ПП санақ парағында белгі қойылып уақытша тұратындар ретінде жазылады.

Қазақстан Республикасының аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін шетелдіктерді «Шетелде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында уақытша жүрген респондент» деген 8-тармақтың 9-бағанының 1-ПП санақ парағында белгі қойылып, уақытша тұрғандар ретінде саналады.

Халықты толық қамту және санақты сапалы өткізу мақсатында санақ аудандастыруды жүргізу кезінде респонденттер вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдарды негізгі есеп учаскелеріне енгізу және 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен сұрау салу жолымен санақ жүргізіледі.

Интервьюерлерге түсетін жүктемені азайту мақсатында осы ұйымдарды онлайн-режимде қызметкерлердің санағын жүргізуге барынша тартуға жұмыс  жасалуда.

Дата публикации
06 августа 2021
Дата обновления
06 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Ақпарат
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Ақпарат
01 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы