Меню

Страницы

Статья

Департаментпен қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Департаментпен қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Департаментке бұзылған құқықтарды қалпына келтіру туралы өтінішпен азамат Е. Мұсахан жүгінді.

Автор өз өтінішінде Алакөл ауданы Архарлы ауылдық округі әкімі аппаратының «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті уақтылы тіркемеу жөніндегі фактісін көрсетті.

 Өтінішті қарау барысында Департаментпен «Е-лицензиялау» мемлекеттік қызметтер көрсету порталына мониторинг жүргізілді, оның нәтижелері бойынша өтініште көрсетілген дәлелдер өз растауын тапты.

«Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметің көрсету Қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-қағидалар)) 10-қосымшаның 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.

Алайда, көрсетілетін қызметті беруші қолданыстағы заңнаманың жоғарыда көрсетілген нормаларын елемеді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде департамент Алакөл ауданы әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы тиісті хат жолдады.

Департамент хатын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 

Дата публикации
24 сентября 2024
Дата обновления
24 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Ақпарат
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Ақпарат
01 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

Социальные медиа

• Instagram
• Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы