Жаркент қаласы городЖаркент
Панфилов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
шешіміне қосымша
|
Панфилов аудынында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №184492 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №189820 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).
Артық төленген сомалары ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
1) бір отбасы мүшесіне - пайдалы алаңы 18 (он сегіз) шаршы метрден кем емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан 30 шаршы метр, бірақ нақтыдан асырмай.
1) газды тұтыну нормасы: сұйытылған газ орталықтандырылған газбен жабдықталған жағдайда - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек, пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін - отбасына айына 10 килограмм (1 кішкене баллон);
тағам дайындау үшін 1 адамға тауарлық газ - 10 текше метр;
тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылытуға тауарлық газ - 7 текше метр;
2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға - бір айға 70 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін - бір айға 250 киловатт;
3) сумен қамтамасыз ету нормасы - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
4) кәріз - әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
5) тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару нормасы: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша;
6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға: 1 шаршы метрге - 15 теңге;
7) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына бір рет 4 тонна көмір.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.
3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу