«Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

                 Панфилов ауданы әкімдігінің

                 2025   жылғы 8 шілдедегі

                 № 314  қаулысына қосымша

 

 

                

 

«Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныңтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) аудан аумағындағы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімнің ведомстволары бар:

1) «Панфилов ауданының аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

  1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  4. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның толық атауы – «Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041300, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Н. Головацкий көшесі, № 129.
  3. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  4. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  5. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. Осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) Ауданда мәдениет және тілдерді дамыту, спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады;

2) аудан аумағында бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасау

3) аудан аумағында ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеу;

  1. Өкілеттіктері:

 құқықтары:

         1) заңнамада белгіленген мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

         2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

         3) мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;

         4) мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарға, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында  білдіруге;

         5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

         6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;

         7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқада да құқықтарды жүзеге асыруға;

         8) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

         Міндеттері:

          1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;

2) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;

3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқада тілдердің қолдануы мен одан әрі дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

4) аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

5) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, пара спорт түрлерінен аудандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

6) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру.

  1. Функциялары:

1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы жұмыстарды ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкімет актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс пен аудан әкімдіктердің қаулыларын, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

3) аудандағы мемлекеттік органдар мен мекеменің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану тәжірбесін талдау, ақпараттарды өңдеу және жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;

         4) аудан аумағында мемлекеттік рәміздер мен мемлекетік тілді насихаттау аясында патриоттық, мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырады

5) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдану үшін инфрақұрлымды жасау бойынша шаралар қабылдайды;

 6) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларымен бірігіп, спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізеді;

7) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді

8) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

9) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру, спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани

10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік-разрядты, 2- жасөспірімдік-разрядты және 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

11) мынадай біліктілік санаттарын беру: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;

12) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

         13) Аудан аймағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;         14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін ауданаумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады;         15) аккердиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;         16)ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

17) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

18) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

19) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

20) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;

21) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттыру;

22) Мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына баруға жағдай жасайды;

23) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және оны таратуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады;

24) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

26) ауданның мемлекеттік мәдени және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

27) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

28) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан  әкімдігінің мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдайды;

29) мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, сондай-ақ аудан мәдениеті мен өнері саласының даму жағдайына талдау жасайды;

30) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізу, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;

31) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы: маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

32) Бөлімнің құзыретіне жататын ономастика қызметін үйлестіреді:

Терминком бекіткен терминдердің халық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларында енгізілуін қамтамасыз ету;

33) Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерін белгіленген тәртіпке сәйкес қаралып, өтініш иесіне немесе жоғары тұрған мемлекеттік органга жауап беру;

34) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

35) мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және келісу;

36) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады. Ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес аудан әкімі тағайындайды және босатады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, шараларын ұйымдастыру және тәртіптік жаза қолдана алады;

3) Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілігі артады және міндеттерді жүзеге асырады;

4) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;

6) Мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

7) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде бөлімнің мүддесін қорғайды;

8)Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржы операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына тікелей жауапкершілік танытады;

10) Өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады;

11) Өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

12) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

         21.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. «Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Панфилов ауданының аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

 

Дата публикации
14 апреля 2026