Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.
2025 жылдың ІV тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 55 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65).
2025 жылдың ІV тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 851. Оның ішінде:
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.
Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың ІV тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.
IV тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 (Панфилов ауданының «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ).
ІV тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 2. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 2 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.
Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы ІV тоқсанда 4559 қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:
1) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінің орыс мәтінінде бірінші кезеңнің: 1-тармағы мен оның 1) тармақшасы, 2) тармақшасы жоқ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының 8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады.
2) «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінде орыс тіліндегі нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының сілтемесі көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» орыс нұсқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сілтеме енгізу ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2025 жылдың ІV тоқсанында 32 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 2, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 1, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –5, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 24) өтіп 3100 адамды қамтыды.
Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 4 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 4. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 2 маман қатысып, сертификат алды.
Панфилов ауданы әкімі аппараты
Мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар
бөлімшесінің басшысы А. Касенов