Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2025 жылы Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 55 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65).

2025 жылы жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 16 720. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет"          веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 321;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5 441;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3 895;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2 292;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 4 771.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2025 жылы жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 7.

Жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 7 (Панфилов ауданының «Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

           Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 7. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың     саны – 0.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 7 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

          Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы 15 496 (І тоқсанда 3114, ІІ тоқсанда 3656, ІІІ тоқсанда 4167, ІV тоқсанда 4559) қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:

  1. Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұсыныстар: «Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қағидаларға сәйкес қызмет көрсетушілер болып Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері болып табылады. Алайда, аталған қызмет түрі кент, ауыл, ауылдық округтерге жасырын болып тұр. Қағидаларға қызмет көрсетушілер болып кент, ауыл, ауылдық округтерді қосу ұсынылады.

Сонымен қатар, аталған қағидаға сәйкес, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
          2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) болып табылады, алайда егов арқылы өтініштерді қабылдау мүмкіндік жоқ болғандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуші органдар кеңсе арқылы өтініштерді қабылдап жатыр. Егов порталында автоматтандырылмаған аталған қызмет.

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінің орыс мәтінінде бірінші кезеңнің: 1-тармағы мен оның 1) тармақшасы, 2) тармақшасы жоқ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы     01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының           8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады.

  1. «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінде орыс тіліндегі нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының сілтемесі көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» орыс нұсқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сілтеме енгізу ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2025 жылы 192 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 8, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 5, азаматтарды қабылдау – 1, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –140, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 38) өтіп 54 971 адамды қамтыды.

Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 98 мақала жарияланды.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 92. Бас тартылған 6 қызмет түрі бойынша тыңдалым өткізіліп, тыңдалым хаттамалары рәсімделді, ал 79 мемлекеттік қызмет қайталанып түсу себебінен бас тартылып, 6 мемлекеттік қызмет өтініш иелері өздері қызмет алудан бас тартқан, 1 өтініш бойынша медициналық қарсы көрсетілімі болғандықтан «Е-Собес» бағдарламасы автоматты түрде бас тартылды, тыңдалым өткізуге жатпайды. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

 Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 7 маман қатысып, сертификат алды.

 

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                   А. Касенов

Дата публикации
16 января 2026