Панфилов ауданы әкімдігінің «Панфилов ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2024 жылғы 02 тамыздағы № 428 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

         Жаркент қаласы                                                                                                        город Жаркент                                                                                                              

 

 

 

Панфилов ауданы әкімдігінің «Панфилов ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2024 жылғы 02 тамыздағы № 428 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Панфилов ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2024 жылғы 02 тамыздағы № 428  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 199551 тіркелген) Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                 М. Сағымбек

 

Дата публикации
21 ноября 2025