Хабарландыру
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 24 қарашада сағат 15:00-де Панфилов ауданы «Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді. Жиналыста Үшарал ауылына қарасты атауы жоқ көшені ҰОС ардагері Жазылбек Шылғауовтың есіміне, беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Жазылбек Шылғауов Ұлы Отан соғысының ардагері.
1902 жылы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. Соғыстан оралысымен халық шаруашылығында да еселі еңбек етіп, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосты. Ақарал, Үшарал колхоздарын басқарып және жылқы, түйе, фермаларының меңгерушісі болып еңбек етті. 1929-1933 жылдары қазақ даласын жайлаған ашаршылық жылдары елді аштыққа ұрындырмай, аман қалуына жағдай жасады. 1974 жылы Үшарал ауылында қайтыс болды.