Ауданның 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 25,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 109,5%-ті құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 37,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 102,0%-ті құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 27,1 млрд. теңге, нақты көлем көрсеткіші 142,4%-ті құрады.
62,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, 2024 жылғы тиісті кезеңге 108,2% құрады.
Аудан экономикасына 41,0 млрд. теңге инвестициялар тартылып, НКИ – 139,0%.
Бөлшек сауда айналым көлемі 57,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 100,0%. Көтерме сауда айналым көлемі 225,2 млрд.теңге, НКИ-123,9%.
Мемлекеттік бюджеттің тоғыз айдағы жоспары 80,1%-ға орындалды, болжамдағы 93,6 млрд. теңгенің орнына 75,0 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 60,7 млрд. теңге немесе 77,8%), жергілікті – 14,3 млрд. теңге немесе (91,6%). Аудандық бюджетке 8,0 млрд.теңге түсіп, болжам 118,6%-ке орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігі 15,1 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 99,2%-ға орындалды.
Жалпы ауданда 5193 жұмыс орны құрылды.