Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2025 жылдың ІІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2025 жылдың ІІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2025 жылдың ІІІ тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 55 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65).

2025 жылдың ІІІ тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4 543. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет"  веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 59;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 914;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 868;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 239;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1 463.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2025 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.

IІІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 (Панфилов ауданының «Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ).

           ІІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 2. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 2 ұсыныс беріліп, 1 орындалды, 1 орындалу үстінде.

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

          Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы ІІІ тоқсанда 4167 қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:

1) «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жер учаскелерін беру тетігі мен тәртібі жоқ, мысалы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіне сәйкес келмейді қазақ және орыс мәтіні бірдей емес. Мысалы,  қазақ нұсқасында 1 тармағында 3- тармақшасы жоқ, орыс нұсқасында 5- тармақта  3-тармақшасы жоқ,  қазақ нұсқасында 6 -тармақта  3 - тармақшасы жоқ,  орыс нұсқасында 9 тармағы жоқ болып шықты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының                8-тармағындағы орыс және қазақ тілдерінің мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады. Сондай-ақ, осы қызметті мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу қажет.

2) «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінде орыс тіліндегі нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының сілтемесі көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы "жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" орыс нұсқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сілтеме енгізу ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2025 жылдың ІІІ тоқсанында 10 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 2, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 2, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –1, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 5) өтіп 719 адамды қамтыды.

Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 2 мақала жарияланды.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 0. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

          Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ.     

            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 3 маман қатысып, сертификат алды.

 

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                   А. Касенов

стат отчет
Дата публикации
06 октября 2025