Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2020 жылдың 01-қарашасына атқарылған жұмыстары туралы хабарлама

2020 жылдың 01- қарашасына 4860 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орны – 2422, оның ішінде  сауда саласында – 16, өнеркәсіп саласында – 10, қызмет көрсету саласында – 1470,  құрылыс саласында – 673, білім беру саласында – 10, ауыл шаруашылық саласында – 243, және 2438 уақытша жұмыс орын қосылды.

Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде аз қамтамасыз етілген 1198 отбасы немесе 6448 адамға 459505,1 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді.

 Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейін 1529 балаға  кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 

  Мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларына төленетін әлеуметтік көмек 155 адамға 4 803,1 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтерге жәрдемақы 1 адамға 82,2 мың теңге тағайындалып төленді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек 1 адамға 1000,0 мың теңге төленді, тыл ардагерлеріне 432 адамға 21820,0 мың теңге төленді.

Ядорлық сынақтарға қарсы халқаралық іс-қимыл күніне орай біржолғы материалдық көмек 9 адамға 50,0 мың теңгеден 450,0 мың теңге төленді.

       Туберкулездің ауыр түрімен ауыратын 55 науқасқа 3801,8 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек (әлеуметтік пакет) көрсетілді.

         Ауған соғысының ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек 72 адамға 50,0 мың теңгеден 3600,0 мың теңге және Ауған соғысында қаза болғандардың отбасыларына біржолғы материалдық көмек 1 адамға 50,0 мың  теңге төленді.

         Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға біржолғы материалдық көмек 27 адамға 50,0 мың теңгеден  1350,0 мың теңге төленді.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған 8 адамға 333,4 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек   көрсетілді.

Аудан бойынша 287 адам денсаулығына байланысты  шипажайларда демалды. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж 567 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді,  протездік-ортопедиялық бұйымдармен  116 адам қамтамасыз етілді. Сурдотехникалық құралдармен 30 мүгедек, тифло құралдармен 93 мүгедек қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедек арбасына мұқтаж 158 адамға мүгедек арбасы табыс етілді.

Жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметтерiн ұсыну үшiн 203 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді.

Аудан бойынша 1 Инва-такси қызметі жұмыс жасауда. Инва-такси қызметі І топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетеді. Инва-такси жұмыс орындарына, емханаға медициналық көмек алу үшін және тағы басқа қажетті мекемелерге тегін алып барып, алып келеді. Аудан бойынша  мүмкіндігі шектеулі 53 азаматқа Инва-такси қызметі көрсетіліп, олардан        

1626 тапсырыс қабылдады.

Аудан бойынша 18 жасқа дейін 695 мүмкіндіктері шектеулі бала бар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 620. Жаркент қаласында 317 бала, ауылдық округтерде 378 бала тұрады. 133 мүгедек балаға әлеуметтік қызметкерлер үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі аудан бойынша 118 жалғызілікті қартқа үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Дата публикации
18 ноября 2020