Жоба
Көктал ауылдық округі Көктал ауылының
құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Көктал ауылдық округі Көктал ауылының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
- Атауы жоқ көше – «Жарасбек Бықыбаев көшесі»;
- Атауы жоқ көше– «Сембек Қожахметов көшесі»;
- Атауы жоқ көше – «Молдахан Мустапаев көшесі»;
- Атауы жоқ көше – «Ниязақын Байдилдаев көшесі».
- Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.