Жаркент қаласының көшелерін қайта атау туралы жоба

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 

 

Жаркент қаласы

 

                  ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

ПАНФИЛОВА УДАНЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

 

 

Жаркент қаласы

 

БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ЖӘНЕ ҚАУЛЫ

  

 ОБЛАСТЬ ЖЕТІСУ

ПАНФИЛОВСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

 

______________________ № _______

город Жаркент

 

ОБЛАСТЬ ЖЕТІСУ

               АКИМАТ

  ПАНФИЛОВСКОГО РАЙОНА

 

______________________ № _______

город Жаркент

 

СОВМЕСТНОЕ РЕШЕНИЕ И ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

Жоба

                                                                                                      

Жаркент қаласының

көшелерін қайта атау туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының                                   5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылдың 10 қыркүйегіндегі Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаркент қаласының келесі көшелері:
  • 3-ықшам ауданы №10 көшесі «Жақып Заманбеков» көшесі;
  • 3-ықшам ауданы № 11 көшесі «Нұрахмет Көшербаев» көшесі;
  • 3-ықшам ауданы №12 көшесі «Барат Туғанбаев» көшесі;
  • 3-ықшам ауданы №13 көшесі «Мұқаш Қобдалиев» көшесі;
  • 2-ықшам ауданы №35 көшесі «Ашимбай Айтахунов» көшесі болып

қайта аталсын.

  1. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі мен Панфилов аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт, жастар ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі және Панфилов ауданының әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

       Аудандық мәслихат төрағасы                     Аудан әкімі

 

  _______________ Е. Шоқпаров                     __________________ М. Сағымбек

 

 

Дата публикации
18 сентября 2025