Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жопарлау бөлімі басшысының (бұдан әрі - бөлім) 2020 жылғы 10 маусымдағы №8-ө «Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 16-18 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілде жұмыс кезеңін қамтиды.
Бөлім өз қызметін 2020 жылдың 6 айында «Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 194 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай, бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бөлім өз қызметінде:
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 7 бірлік, оның ішінде нақты саны – 7 бірлік.
2020 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 4 адам жіберілді. Демалыстан шақырылған қызметкерлер жоқ.
2020 жылдың 12 маусымында 1 қызметкерге тәртіптік жаза берілді.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына, «Панфилов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 5-28-195 шешіміне сәйкес, бөлім келесідей мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2020 жылдың қаңтар-маусым айларының аралығында 44 маманға 11753,3 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылдың 7 желтоқсанындағы №395 қағидасының 10-1 тармақшасына сәйкес кезекте тұрған мамандарға 100 АЕК көрсеткішке тең 265100 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде: 26 маман білім саласынан, 7 маман денсаулық сақтау саласынан, 3 маман мәдениет саласынан, 1 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 сәуірінде АЕК көрсеткіш 2778 теңгеге өзгеруіне байланысты, көтерме жәрдемақы көлемі 277800 теңгеден 7 маманға көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде: 6 маман білім саласынан, 1 маман денсаулық сақтау саласынан.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығының 19-тармағына сәйкес, 4 маман көтерме жәрдемақы алуға кезекке қойылды.
Ал тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит бойынша 11 маманға 45837,0 мың теңге берілді, оның ішінде: 9 маман білім саласында, 1 маман денсаулық сақтау саласында, 1 маман мәдениет саласында жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.
2020 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
Ескертілме – Бүгінгі күнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын күшейту мақсатында мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері электронды және қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету шарасы бiрiншi кезекте талантты жастар мен мамандарға барынша тартымды əрi қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасауда.
Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмыс органы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімнің жылдық жоспары