Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Панфилов ауданының қаржы бөлімі басшысының  (бұдан әрі- бөлім)                   2020 жылғы  08-қаңтардағы «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 1а бұйрығына сәйкес,  2020 жылдың 24-маусымынан 26-маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 5- қаңтар және  30-маусым аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін «Панфилов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы  25 қазандағы  № 537 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданы бюджетінің атқарылуын, аудандық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы                     № 12 бұйрығымен бекітілген Ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

         Бөлімнің сыбайлас жемқорық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

 

  1. Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • Бөлім өз қызметінде:

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы       4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.);

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1- наурыздағы  «Мемлекеттік мүлік туралы»  N 413-IV Заңын

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 Қаулысын

Қазақстан Республикасы  Қаржы  министрінің  2014 жылғы 04- желтоқсандағы  № 540 Қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9- тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын»

"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы             16 қаңтардағы № 17 бұйрығын

«Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығын

Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығын қолданады.      

      2) Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіруге мүмкіндік беретін, жеке тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, құқықтық кемшіліктерді іске асырған кезде кедергілердің тууына ықпал ететін, әкімшілік- басқарушылық персоналдың өз қарауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ.

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 


    1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

        Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 4 бірлік, оның ішінде нақты саны – 4 бірлік. 2020 жылдың  5- қаңтары мен  30- маусым аралығында кадрлар ауысуы болған жоқ. Ваканттық бірлік жоқ.

2020 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 2 маман жіберілді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 13-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

Тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ.

 

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу барысында бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ және мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

3) Мемлекеттік қызмет көрсету

 

Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

 

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі туындайтын басқа да мәселелер

   Бөлімнің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүргізген тәсілдері мен іс шаралары:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс шараларының жылдық жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда
  2. Сенім телефоны жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қоңыраулар мен өтініштер түскен жоқ.
  3. Мекемеде азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшік қойылған. Талданып отырған кезеңде өтініштер түскен жоқ..

Қорытынды

 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде:

- бөлімнің қызметін реттейтін  нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң түрде сақтау;

- аудан әкімдігінің веб-сайтына материалдарды өз уақытында орналастыру жұмысын жақсарту.

Дата публикации
13 ноября 2020