Панфилов ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5 тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Панфилов ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған Панфилов ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы бекітілсін.
2.«Панфилов ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Д.Б.Ешеновке жүктелсін.
4) Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Сағымбек