«Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 3 қаңтарынан 30 маусым аралығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтамасы

«Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - бөлім) 2020 жылғы 22 маусым бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы №25 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 22 маусым мен 30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 3 қаңтарынан 30 маусым аралығындағы жұмыс кезеңін қамтиды.

Бөлім өз қызметін «Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы №320 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің миссиясы ережеге сәйкес Панфилов ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқарудың функцияларын іске асырады.

Қазақстан Респубикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде   сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Бөлім өз қызметінде:

 

  • Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы (2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207.)
  • Қазақстан Республикасындағы 1997 жылғы 11 шілдедегі Тіл туралы Заңы №151  
  • Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жарлығы)
  • Қазақстан Респубикасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту жөніндегі тұжырымдама туралы (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі №408 қаулысы)
  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы (Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 02 шілдедегі №14488-ХІІ Заңы)
  • «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы;

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 3 бірлік, оның ішінде нақты саны – 3 бірлік. 2020 жылдың 3 қаңтарынан 30 маусым аралығында кадрдың ауысуы тіркелмеді.

         2020 жылдың жыл сайынғы еңбек демалысына 2 адам жіберілді.

         Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

 

  • Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         2020 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

         Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

 

Қорытынды

 

         Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдай жеке әншілердің, әзіл театрларының және т.б өкілдерінің концерт ұйымдастыруға рұқсат алуындағы тікелей адамдармен байланыста болу фактісі сыбайлас жемқорлықтың тәуекеліне әкеліп соғуы мүмкін.

Ұсыныс: Әншілердің, әзіл театрларының концерт ұйымдастыруға рұқсат алуын мемлекеттік көрсетілетін қызметке ауыстыруына ықпал жасау.

Дата публикации
13 ноября 2020