«Пафилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын  бекіту туралы бұйрығын негізге ала отырып

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  2. 2020 жылдың шілде айының 1-13 күндері аралығында «Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

1)   бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2020 жылдың I-жарты жылдығы болып белгіленсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Панфилов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы М.Тажиевке жүктелсін.
Дата публикации
13 ноября 2020