"Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау мақсатында және «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының                                                                2020 жылғы «__15__»____06_____ №42 бұйрығына сәйкес, «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Бөлім) 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2020 жылдың 05 ақпанынан 30 маусым айларының аралығы.

«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтарды іске асыру кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін, өз қалауы бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының шешім қабылдауына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ. 2020 жылы Бөлімде басшының негізгі қызмет, жеке құрам, ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша бұйрықтары Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңдарына, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес келеді.

Бөлімнің ұйымдық-басқару қызметіне ішкі талдау келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:

1) персоналды басқару бойынша;

2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;

3) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;

5) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;

6) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;

7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;

8) қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша;

9) Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

  1. Персоналды басқару.

2020 жылдың талдауы Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Еңбек кодексін, Бөлімнің ережесін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы»,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің штаттық саны 3 бірлікті құрайды, бос жұмыс орындары – жоқ. (бөлім басшысы).

  1. Бөлімде мүдделер қақтығысын реттеу немесе реттелмеген мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттер Бөлімнің мамандарына жүктелген. Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес Бөлім мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Оның ішінде:

  1. - Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5

МВт  және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына                 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары, кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру.

2020 жылдың 05 қаңтарынан 30 мауым айлары аралығында жеке тұлғалардан өтініш түспеді.

  1. 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін

қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру.

2020 жылдың 05 қаңтарынан 30 мауым айлары аралығында жеке тұлғалардан өтініш түспеді.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй

қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы.

2020 жылдың 05 қаңтарынан -30 маусым айлары аралығында 268 адам тұрғын үй кезегіне тіркелді.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй

қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру.

2019 жылдың 01 қыркүйек айынан бастап анықтама беру мемлекеттік қызметі тоқтатылды.

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді

жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

 2020 жылдың 05 қаңтарынан -30 маусым айлары аралығында 4 азаматтан өтініш түсті.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш  келіп түскен. Қайталама өтініштер түскен жоқ. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарау мерзімі мен тәртібі қатаң сақталған. Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

2020 жылы бөлімде 31 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы –0 , заң бұзушылықсыз өткізілген, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу – 6, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей келісім-шарт жасасу жолымен–24, ашық конкурс жолымен – 1, заң бұзушылықсыз өткізілген.

  1. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.

Бөлімнің  лауазымды тұлғаларына қойылатын талаптар қатаң сақталады. Бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) танысқан. Азаматтар тарапынан Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне арыз, шағым түскен жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімнің лауазымды тұлғалары туралы сыни мақалалар жарияланған жоқ. Бөлімнің  лауазымды тұлғаларының әрекетіне сот арқылы шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.

Қорытынды.

Бөлімнің лауазымды адамдары заңдылық қағидаттарын басшылыққа алады, өзінің іс-әрекеттерімен жоғары тұрған уәкілетті органның және тұтастай алғанда бүкіл мемлекеттік биліктің беделін нығайтады, бөлімнің беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермейді, қоғамның Бөлімге, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болады. Деректерді талдау нәтижелері бойынша Бөлімде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары интернет-ресурсқа орналастырылады.

Ұсыныс.

  1. Техникалық персоналды жалдау және жұмыстан босату кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін басшылыққа алу.
  2. Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жұмсалатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы және ашықтығы қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №112 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюжет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің үстемақыларын, материалдық көмек және лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілеу ережелерін қатаң сақтау;
  4. Аудандағы мемлекеттік қызметкерлермен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының бұзылуын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру.
  5. Жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тіртіптік жаза қолдану ережесін қатаң сақтау;
  6. Мемлекеттік қызмет стандарт қызмет алушылар қол жетімді жерде орналастыру.
  7. Қолданыстағы мемлекеттік қызметтер стандарттарының талаптарын қатаң сақтау, сонымен қатар бөлім қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тренингтер өткізу;
  8. Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтаңыз, сонымен қатар бөлім қызметкерлерінің арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша тренингтер өткізіңіз;
  10. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Дата публикации
13 ноября 2020