Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Панфилов ауданының білім бөлімінде 2020 жылғы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 14 қаңтар 2020 жылғы №37 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
2020 жыл кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелеріне ішкі талдау келесі бағыт бойынша жүргізілді:
- Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бөлім өз қызметін «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы №387 қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Панфилов ауданы әкімінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны – 6 бірлік, оның ішінде нақты саны – 6 бірлік.
2020 жылы жыл сайынғы еңбек демалысына кезекпен бөлімнің барлық қызметкерлері жіберілуде. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі:
- «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
- "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу"
- "Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру"
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау»
- "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"
- "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау"
- "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау"
- "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу"
- "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау"
- «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
- "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"
- "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою"
- "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
- "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау"
- «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
- Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау»
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
- «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»
- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
- «Жалпы білім беру ұйымдарының арасында балалардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
Талдау кезеңінде бөлімде 2506 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталмаған.
Әкімшілік кедергілердің дискрециялық өкілеттігінің болуы анықталған жоқ.
- Бөлімнің ұйымдастырушылық басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Бөлімнің алдын алу сипатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын тәсілдері мен шаралары:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бар.
- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары бар ақпараттық стенд бар және келушілерге арналған жерде орналасқан.
- Кіре берісте азаматтардың хаттары, шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Талдау жүргізу кезінде 2 арыз түскен. Жәшікке түскен арыз комиссия құрамымен бірге ашылып, тиісті жауаптар заңда көрсетілген мерзімде берілді.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
ҰСЫНЫМ:
- Жұмыста мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қатаң ұстану;
- Материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің веб-сайтында жариялау және орналастыру бойынша жұмысты жақсарту;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелерін төмендету мақсатында "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде үміткерлердің тұрмыс жағдайын анықтау актісін жасауды жергілікті жерлердегі қоғамдық ұйымдарға беру ұсынылады. Бұл жағдай бір жағынан қабылданатын шешімнің объктивтілігін қамтамасыз етеді:
- Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдауға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдарды орындау бойынша мониторингті жүзеге асырсын.