"Панфилов ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау мақсатында және «Панфилов ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысының 2020 жылғы «_18___»___05___№ 2 бұйрығына сәйкес «Панфилов ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Бөлім) 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын кезең: 2020 жыл.

«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтарды іске асыру кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін, өз қалауы бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының шешім қабылдауына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ. 2020 жылы Бөлімде басшының негізгі қызмет, жеке құрам, ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша бұйрықтары Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңдарына, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес келеді.

Бөлімнің ұйымдық-басқару қызметіне ішкі талдау келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:

1) персоналды басқару бойынша;

2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;

3) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;

5) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;

6) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;

7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;

8) қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша;

9) Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

  1. Персоналды басқару.

2020 жылдың талдауы Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Еңбек кодексін, Бөлімнің ережесін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің штаттық саны 3 бірлікті құрайды, бос жұмыс орындары – 1 (бөлім басшысы).

  1. Бөлімде мүдделер қақтығысын реттеу немесе реттелмеген мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ..
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттер Бөлімнің мамандарына жүктелген. Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес Бөлім мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. 2020 жылы барлығы 1053 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 555 қызмет көрсетілді;

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 317 қызмет көрсетілді;

- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру - МО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы - 0.

- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» - «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 181 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылған.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 39 өтініш келіп түскен. Қайталама өтініштер түскен жоқ. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарау мерзімі мен тәртібі қатаң сақталған. Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.

5.Бақылау-қадағалау функциялары.

Бөлім рұқсат беру құжаттарының 2 түрін береді. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру». Барлық рұқсат беру қағаздары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес берілген. 2020 жылы заң бұзушылық анықталған жоқ.

  1. Бөлім бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
  2. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

2020 жыл жылы бөлімде 16 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы - 2, заң бұзушылықсыз өткізілген, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу – 0, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей келісім-шарт жасасу жолымен - 4, заң бұзушылықсыз өткізілген.

  1. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.

Бөлімнің лауазымды тұлғаларына қойылатын талаптар қатаң сақталады. Бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) танысқан. Азаматтар тарапынан Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне арыз, шағым түскен жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімнің лауазымды тұлғалары туралы сыни мақалалар жарияланған жоқ. Бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекетіне сот арқылы шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.

Қорытынды.

Бөлімнің лауазымды адамдары заңдылық қағидаттарын басшылыққа алады, өзінің іс-әрекеттерімен жоғары тұрған уәкілетті органның және тұтастай алғанда бүкіл мемлекеттік биліктің беделін нығайтады, бөлімнің беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермейді, қоғамның Бөлімге, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болады. Деректерді талдау нәтижелері бойынша Бөлімде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес «Панфилов ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары интернет-ресурсқа орналастырылады.

 

 

«Панфилов ауданының сәулет және

қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысының у.м.а.                  Қ.А. Абаев

Жетекші маман                                                                  Б.Б.Абдрасилов

Дата публикации
13 ноября 2020