Сайлау учаскесін тарату және Панфилов ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 қазандағы «Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 10-02 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                                28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының                                   23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы                                               23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Панфилов ауданының аумағында № 753 сайлау учаскесі таратылсын.
  2. Панфилов ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 қазандағы «Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 10-02 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 тіркелген, 2020 жылдың 04 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

       көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімі аппаратының басшысы Сқақов Ербол Абылайхановичке жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 ноября 2020