2025 жылдың 12 тамызына әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысы туралы ақпарат.
Панфилов ауданының әкімдігі, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы және "ҚОРҒАС" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың бірлестігі арасындағы 2024−2026 жылдарға арналған үшжақты келісім 2024 жылы 21 мамырында бекітілген және Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен 2024 жылы 29 мамырда № 001 тіркелді.
Панфилов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 89 «Панфилов ауданы әкімдігі өкілдерінің әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссиядағы құрамы туралы» қаулысымен осы комиссияға Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері аңықталды.
Үш жақты келісімнің ережелеріне сәйкес кәсіпорындар мен ұжымдарда еңбек қатынастарына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан кәсіпорындарында әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша берешекті азайту жөнінде шаралар қолданылып, жұмыстар жүргізілуде.
Комиссия отырысының қорытындылары бойынша мемлекеттік және басқа мекемелерге ұсыныстар беріледі. Осыған сәйкес, бұл ұйымдар осы тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат жолдайды.
2025 жылы комиссияның отырысы 4 рет өтті: Олар:
1.1).Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатнастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырыстарының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
2). Панфилов ауданының әкімдігі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалы және "ҚОРҒАС" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңдытұлғалардың бірлестігі арасындағы 2025−2026 жылдарға арналған үшжақты келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөнідегі іс-шаралар жоспарды бекіту туралы.
2.1).Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің атқарған жұмыстары туралы.
2).Білім беру ұйымдарына кадрларды ұстау бойынша қабылданған шаралар туралы.
3.1).Кәсіпкерлікті қолдау шараларының орындалу барысы туралы.
2).«Хоргос-Сервис» ЖШС және «Ниязов Д.Х.» ЖК жұмыскерлерінің міндетті элеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналардың қарыздары туралы.
4.«Парыз», «Еңбек жолы» конкурстарына қатысу туралы.
Панфилов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысының у.м.а. С.Жакупова
Орындаған: М. Хизметов
Тел.: 8(72831)50162