Ауданның 2025 жылдың қаңтар-маусым айындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 17,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 109,5%-ті құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 101,7 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 101,7%-ті құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,0 млрд. теңге, нақты көлем көрсеткіші 165,7%-ті құрады.
25,3 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, 2024 жылғы тиісті кезеңге 68,5% құрады.
Аудан экономикасына 21,5 млрд. теңге инвестициялар тартылып, НКИ – 156,0%.
Бөлшек тауар айналым көлемі 32,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 96,2%.
Мемлекеттік бюджеттің жылдық жоспары 94,5%-ға орындалды, болжамдағы 52,4 млрд. теңгенің орнына 49,5 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 39,3 млрд. теңге немесе 92,5%), жергілікті – 10,2 млрд. теңге немесе (102,7%). Аудандық бюджетке 6,1 млрд.теңге түсіп, 6 айдың болжамы 127,2%-ке орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігі 7,5 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 95,9%-ға орындалды.
Жалпы ауданда 3128 жұмыс орны құрылды.