Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.
2025 жылдың ІІ тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 55 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65).
2025 жылдың ІІ тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4 795. Оның ішінде:
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.
Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың ІІ тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.
IІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 (Панфилов ауданының «Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Панфилов ауданының «Талды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ).
ІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 2. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 2 ұсыныс беріліп, орындалу үстінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.
Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы ІІ тоқсанда 3656 қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:
1) «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жер учаскелерін беру тетігі мен тәртібі жоқ, мысалы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесіне сәйкес келмейді қазақ және орыс мәтіні бірдей емес. Мысалы, қазақ нұсқасында 1 тармағында 3- тармақшасы жоқ, орыс нұсқасында 5- тармақта 3-тармақшасы жоқ, қазақ нұсқасында 6 -тармақта 3 - тармақшасы жоқ, орыс нұсқасында 9 тармағы жоқ болып шықты.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының 8-тармағындағы орыс және қазақ тілдерінің мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады. Сондай-ақ, осы қызметті мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу қажет.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2025 жылдың ІІ тоқсанында 94 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 2, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 1, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –86, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 5) өтіп 37748 адамды қамтыды.
Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 20 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 12. Бас тартылған 1 қызмет түрі бойынша тыңдалым өткізіліп, тыңдалым хаттамалары рәсімделді, ал 6 мемлекеттік қызмет қайталанып түсу себебінен бас тартылып, 4 мемлекеттік қызмет өтініш иелері өздері қызмет алудан бас тартқан, 1 өтініш бойынша медициналық қарсы көрсетілімі болғандықтан «Е-Собес» бағдарламасы автоматты түрде бас тартылды, тыңдалым өткізуге жастпайды. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.
Панфилов ауданы әкімі аппараты
Мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар
бөлімшесінің басшысы А. Касенов