Жетісу облысы, Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрықтары негізінде «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

     2025 жылғы 27 маусым

 

Жетісу облысы, Панфилов  ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,                            дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрықтары негізінде «Панфилов ауданы әкімдігінің  аудандық мәдениет үйі»        МКҚК-ның директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Мекен жайы: Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі №22.   

Лауазымдық жалақысы : 181571-220151 теңге.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

       Ауылдық мәдениет үйінің (клубының) жұмысына басшылық жасайды, шығармашылық, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады және мәдениет үйі (клуб) мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мәдениет үйі (клуб)  жұмысының жоспарын жасап, бекітеді, олардың белгіленген тәртіппен орындалуын қамтамасыз етеді. Шара, сценарий жасауға басшылық жасайды, жұмыстың озық үлгілерін зерттейді, оларды жұмыс тәжирибесіне  енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды. Филиал қызметкерлерін тиімді орналастыру,жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Филиал қызметкерлерінің өндірістік және  еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын ережелерін сақтауын бақылайды. Мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады.

       Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республика Президентінің Жолдауларын, «Мәдениет туралы» Заңын, Еңбек кодексін, Ар-намыс кодексін», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы,  «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Халықтық көркемөнерпаздар ұжымы туралы» атағын бекіту және иелену аттестациясын өткізудің шарттарын, Қазақстан Республикасындағы мәдени-демалыс мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру ережесін, мәдени-демалыс, бұқаралық шаралардың режиссурасын, театрландырылған мерекелердің нысаны мен әдістерін, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамаларының  негізі,экономика және қаржы негіздерін, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелерін, репертуар қалыптастыру қағидаларын, шығармашылық ұжымдар жұмысын ұйымдастыру әдістерін, жұмыстың ерекшеліктерін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

"Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізудің Азаматтық қызметке кіру қағидалары" негізінде:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды азаматтар                        Панфилов  ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:

1)  осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) толтырылған жеке іс парақ;  жеке іс параққа 3*4  фото сурет

4)  білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалды бекітілуі;

5)   мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

6)    еркін нысанда жазылған өмірбаян;

7)    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консуль­тациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

9)    соттылығы бойынша анықтама;

10) Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама

11) Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру Панфилов  ауданы әкімі аппаратының және уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 15 жұмыс күннің ішінде  мына мекен жайға тапсырылуы тиіс.

      Жаркент қаласы. Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі (индекс 041300, Жетісу облысы, Панфилов ауданы  Н.Головацкий көшесі 129, анықтама үшін телефон – 872831 5-01-79, электронды пошта: tolkyn-2014@mail.ru

Құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін бекітеді.

Конкурсқа жіберілген үміткерлердің тізімі бекітілгеннен кейін,                                3  жұмыс күн ішінде конкурс өтетін күні мен  орны және белгіленген уақыты туралы үміткерлерге қосымша хабарланатын болады.

 

 

 

 

 

 

                                                 Өтініш

 

Мені,____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.        Қоса беріліп отырған құжаттар:_______________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжай_________________________________________________________

Байланыс телефондар:___________________________________________

__________________________________________________________________

 ______ ______________________________________

(қолы) (жөні, аты, тегі (болған жағдайда)) 

«____»_______________ 20__ ж.

Қызмет бағыты

Мәдениет

 

Дата публикации
27 июня 2025