«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 37-бабының 8 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабының 2) және 3) тармақшаларына және 10 бабының 2-1 тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырындағы №219 «Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3895 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
- «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Ш. Курбановқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы қаулының күші ресми жарияланған күннен бастап 5 жыл мерзімде сақталады.