«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Панфилов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы С. Теткусизоваға жүктелсін.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы К. Нұралинова
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы С. Теткусизова