Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Панфилов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 8-21-96 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі

«Панфилов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 8-21-96 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі «Панфилов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 8-21-96 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195876 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Панфилов ауданының тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Панфилов аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     Е. Шоқпаров

 

 

 

Дата публикации
30 января 2025