Ауданның 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Ауданның 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

 

Өнеркәсіпте 28,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 100,3%-ті құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 58,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 102,9%-ті құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 32,7 млрд. теңге, нақты көлем көрсеткіші 95%-ті құрады.

83,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді, 2023 жылға 121,8% құрады.

Аудан экономикасына 56,4 млрд. теңге инвестициялар тартылып, НКИ – 115,9%.

Бөлшек тауар айналым көлемі 62,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 225,7%.

Мемлекеттік бюджеттің жылдық жоспары 57,6%-ға орындалды, болжамдағы 175 млрд. теңгенің орнына 100,9 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық –85,4 млрд. теңге немесе 52,7%), жергілікті – 15,5 млрд. теңге немесе (119,7%). Аудандық бюджетке 8,5 млрд.теңге түсіп, 12 айдың болжамы 115,3%-ке орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігі 20,3 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 99,4 пайызға орындалды.

Жалпы ауданда 6458 жұмыс орны құрылды.

Дата публикации
16 января 2025