Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қоғамдық талқылау нәтижесі бойынша ақпарат

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қоғамдық талқылау нәтижесі бойынша ақпарат

 

          Панфилов ауданы бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындысына қоғамдық талқылау жүргізіліп, хаттама толтырылды.

2024 жылы Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 51 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 59).

2024 жылы жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 15 360. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 141;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3 718;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 4 855;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3 747;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2 899.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2024 жылдың ІV тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.

IV тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 («Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ).

           ІV тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 2. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 1 ұсыныс, сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қайта бекіту 1 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы 22980 (I тоқсанда 4199, ІІ тоқсанда 4990, ІІІ тоқсанда 6522, ІV тоқсанда 7269) қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің есебін автоматтандыру ұсынылады;

2) Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұсыныстар: Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау қызметі Мемлекеттік қызметтер тілізімінде жоқ және есепте көрсетілмейді. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі аталған қызметті жыл сайын көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне және есепке қосу ұсынылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2024 жылы 212 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 9, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 6, азаматтарды қабылдау – 2, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы – 177, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 18) өтіп 47235 адамды қамтыды (оның ішінде: түсіндіру       жұмыстары – 1660, кітапша тарату – 45575).

Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 100 мақала жарияланды.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында аудан бойынша 4 билборд ілінді. Түсірілген бейнероликтер саны – 1.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 9. Бас тартылған 2 қызмет түрі бойынша тыңдалым өткізіліп, тыңдалым хаттамалары рәсімделді, ал 7 мемлекеттік қызмет қайталанып түсу себебінен бас тартылып, тыңдалым өткізуге жастпайды. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

 Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 3 маман қатысып, сертификат алды.

 

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                   А. Касенов

Дата публикации
08 января 2025