2020 жыл 9 айдың Панфилов ауданы бойынша анықтама

Панфилов ауданы туралы анықтама

  (Аудан әкімі Өмірәлиев Т.Ә.- 2019 жылдың 12 қырқүйегінен

жұмыс істейді)

 

  1. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі негізгі көрсеткіштер

 

Аудан аумағы 10,58 мың шаршы шақырым құрайды.

Аудан халқының саны 2020 жылғы 1 қырқүйекке 130,4 мың адам.

Елді мекендердің саны: 1 қала, 41 ауылдық елді мекен, 13 ауылдық округтер.

Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар- 86,8 мың адам (66,6%), ұйғырлар- 37,0 мың адам (28,4%), орыстар-4,6 мың адам (3,5%), басқалар-2,0 мың адам (1,5%).

1.Өнеркәсіп және ИИДМБ (индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы)

Өнеркәсіп өндірісінде 11,8 млрд.теңгеге өнім өндіріліп (2019 жылдың сәйкес мерзімінде-8,9 млрд. теңге), нақты көлем индексі 101,5% құрады.

2.Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 31,0 млрд.теңге, нақты көлем индексі 103,1% құрады.

Мал шаруашылығында ет 10 787 тонна өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне 102,5% құрады, сондай-ақ, сүт 36 155 тонна (102,9%), жұмыртқа 5 609 мың дана (103,5%) құрады.

Ірі қара малының саны 90,7 мың бас (110,3%), қой мен ешкі 325,7 мың бас (98,4%), жылқы – 19,7 мың бас (110,6%) және құс 86,4 мың бас (92,6%) құрады.

3.Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,7 мың бірлікті құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 1,6 млрд.теңге салық төлемдері түсті, немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 648,5 млн. теңгеге азайды (2019 ж. 9 айында 2,4 млрд.теңге).

Бөлшек тауар сауда айналымының көлемі 7,7 млрд.теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 89,6% құрады.

4.Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 17,0 млрд.теңге,                       НКИ- 104,7%.

5.Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,7 млрд.теңгені, НКИ- 81,2% құрады.

Есепті мерзімде 18,3 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 111,1% құрады.

6.Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық деңгейі 4,8% (3078 жұмыссыз)

Экономикалық белсенді халықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 27,6% (17,7 мың адам).

2020 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 32,6% - ға артып, 161,7 мың теңгені құрады.

7.Салықтар және бюджет

Мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер 17,3 млрд.теңге түсіп, болжам 111,4% орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке             10,8 млрд.теңге немесе 101,6%, жергілікті бюджетке 6,5 млрд.теңге немесе                    132,4%, аудандық бюджетке 4,7 млрд.теңге жиналып, жоспар 149,6%-ке  орындалды.

Аудан бюджеті 2020 жылға 24,5 млрд.теңге көлемінде бекітілді.

Жоғары тұрған бюджеттерден трансферттер мен субвенциялар үлесі 55,1% (13,5 млрд.теңге). Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 18,0 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 99,6%-ке орындалды.

8.Әлеуметтік сала

Есепті мерзімде 4706 жаңа жұмыс орны құрылып, 2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда 3109 бірлікке артты.

Мемлекеттік атаулы көмек аз қамтылған 1145 отбасына (6186 адамға)  388,9 млн.теңге тағайындалып, төленді.

Жұмыспен қамту орталығында 3607 жұмыссыз тіркелді, нақты 4324 жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыспен 2188 адам, әлеуметтік жұмыспен 75 адам, жастар тәжірибесімен 133 адам қамтамасыз етілді.

Ауданда 50 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде: 45 орта,1 негізгі және 4 бастауыш мектеп. Онда 26293 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі мекемелер саны - 79, оның ішінде: мемлекеттік - 12, жеке - 37, мектеп жанындағы шағын орталықтар - 30.  Бала бақшалар мен шағын орталықтарда 5630 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99,5% құрайды.

Ауданда 42 медициналық мекеме жұмыс істейді. Онда 212 дәрігер, 1092 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 16,3 және орта медициналық қызметкерлермен 83,8 құрайды.

9.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Панфилов ауданы бойынша сумен жабдықтау желілері 475 км (оның 230 км жөндеуді қажет етеді), су бұру желілері 37,2 км (оның 27 км жөндеуді қажет етеді) құрайды. Елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 97,6% құрайды.

 

10.Жолдар

2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 966,7 млн. теңге бөлініп, тоғыз айда 746,8 млн.теңге игерілді.

11.Қылмыс

Қоғамдық тәртіп саласында жалпы 381 қылмыс тіркеліп, 2019 жылдың                9 айымен салыстырғанда 31%-ке азайды. Қылмысты ашу 84,9% құрады (2019 жылы-78,9% болған).

Дата публикации
16 октября 2020