2024 жылдың 25 желтоқсандағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысы туралы ақпарат

 

2024 жылдың  25  желтоқсандағы  әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысы туралы ақпарат.

                        

           Панфилов  ауданының  әкімдігі, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша  филиалы және "ҚОРҒАС" Шекара  маңы  ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың бірлестігі арасындағы 2024−2026 жылдарға арналған үшжақты  келісім 2024 жылы 21 мамырында бекітілген және Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасымен 2024 жылы 29 мамырда                         №  001 тіркелді.

           Панфилов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 351 «Панфилов ауданы әкімдігі өкілдерінің әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссиядағы құрамы туралы» қаулысымен осы комиссияға Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері анықталды.

          Үш жақты келісімнің ережелеріне сәйкес кәсіпорындар  мен ұжымдарда еңбек қатынастарына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

          Аудан кәсіпорындарында әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша берешекті азайту жөнінде шаралар қолданылып, жұмыстар жүргізілуде.

          Комиссия отырысының қорытындылары бойынша мемлекеттік және басқа мекемелерге  ұсыныстар беріледі. Осыған сәйкес, бұл ұйымдар осы тапсырмалардың  орындалуы  туралы ақпарат жолдайды.

         2024 жылы комиссияның отырысы 8  рет өтті: Олар:

        1.Жаркент фрукт» ЖШС –нің   еңбекақы  және әлеуметтік төлемдер қарыздары  туралы.

        2.Жаркент фрукт» ЖШС –нің  еңбекақы  және әлеуметтік төлемдер қарыздары  туралы.

        3.Панфилов аудандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы.

        4.Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырыстарының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

  1. Панфилов ауданының әкімдігі, жұмыс берушілердің бірлестігі және кәсіптік одақтар бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық үшжақты келісімге қол қою рәсімі.

6).

  1. «ЖелДорТранс-Актобе» ЖШС-нің айналасындағы жағдай туралы.
  2. Ауданның денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз ету туралы.

       7) 1.Панфилов  ауданының  әкімдігі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша  филиалы  және "ҚОРҒАС" Шекара  маңы  ынтымақтастығы халықаралық орталығының жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер және заңдытұлғалардың бірлестігі арасындағы 2024−2026 жылдарға арналған үшжақты  келісім  шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөнідегі іс-шаралар жоспарды   бекіту туралы.

  1. «Еңбек күні» мерекесін өткізуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы.

8)         1. Электрондық еңбек келісім шарттарының орындалуы туралы.

           2.Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп келген түлектерге «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес, көрсетілетін  жұмыстар жөнінде.

  1.  3. Кәсіпорын басшыларының кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қысқартпау және өндірісті тұрақтандыру, жұмысшылардың біліктілігін арттыру және/немесе қайта даярлау жөніндегі қабылданған шаралар туралы есебін тыңдау. 

                                                                             

     

Панфилов ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің     басшысы                                                                     Г.Кибраева                             

 

 

 

 

Орындаған: М. Хизметов

Тел.: 8(72831)50162

 

Дата публикации
25 декабря 2024