"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт

 және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шеңберінде

"Дипломмен ауылға!" бағдарламасын мерзімінен бұрын толық өтеу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

 

             Қызмет алушының назарына!

 

Қарыз алушының толық мерзімінен бұрын өтеуге өтінім беру үшін жеке тұлғаның ЭЦҚ және компьютерге орнатылған NCALayer бағдарламасы болуы қажет.

Толық мерзімінен бұрын өтеу үшін клиент банктегі ағымдағы шотты толықтыруы керек.

1 қадам. Қарыз алушы https://otbasybank.kz/ порталындағы Жеке кабинетке кіруі немесе тіркеуден өтуі қажет. Жеке кабинетке кіруді телефон нөмірі мен пароль арқылы (ЭЦҚ арқылы емес!) орындау қажет.

2-қадам. Әрі қарай клиент Менің банкім бөліміне кіріп, Қарыздарды таңдауы керек.

3-қадам. Қажетті қарызды таңдап, қарызды толық мерзімінен бұрын өтеуге сұрату жіберу түймесін басыңыз.

Өтінішке қол қойылғаннан кейін өтінім ЖАО-ның келісуіне жіберіледі.

4-қадам. ЖАО мақұлдағаннан кейін ағымдағы шотты таңдап, жалғастыру түймесін басу керек.

Әрі қарай сізде Өтеу сомасы көрсетіледі, Мен таныстым бөліміне құсбелгі қойып, жалғастыру түймесін басу керек.

5-қадам. Қарызды толық мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтінішке СМС кодпен қол қою қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 октября 2024