Панфилов ауданы бойынша 2024 жылдың ІІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2024 жылдың ІІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2024 жылдың ІІІ тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 51 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 59).

2024 жылдың ІІІ тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4 876. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 52;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 477;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1 644;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1 016;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 687.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2024 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.

IІІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 ((«Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

           ІІІ тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 2 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

          Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы ІІІ тоқсанда 6522 қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда «Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Алайда мемлекеттік қызмет порталда қол жетімсіз, автогматтандырылмаған. Мемлекеттік қызметті автоматтандыру ұсынылады.

Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұсыныстар: «Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қағидаларға сәйкес қызмет көрсетушілер болып Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері болып табылады. Алайда, аталған қызмет түрі кент, ауыл, ауылдық округтерге жасырын болып тұр. Қағидаларға қызмет көрсетушілер болып кент, ауыл, ауылдық округтерді қосу ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2024 жылдың ІІІ тоқсанында 33 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 2, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 2, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы – 6, азаматтарды қабылдау – 1, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 22) өтіп 4134 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2652 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 6 мақала жарияланды. Түсірілген бейнероликтер саны – 1.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны – 1.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 3. Бас тартылған 3 қызмет түрі бойынша тыңдалым өткізіліп, тыңдалым хаттамалары рәсімделді. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

 Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                   А. Касенов

Дата публикации
07 октября 2024