Ауданның 2024 жылдың қаңтар-маусым айындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 14,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 111%-ті құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 12,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 101,2%-ті құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,3 млрд. теңге, нақты көлем көрсеткіші 70,7%-ті құрады.
37,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді, 2023 жылдың төрт айына 100,6% құрады.
Аудан экономикасына 13,8 млрд. теңге инвестициялар тартылып, НКИ – 98,3%.
Бөлшек тауар айналым көлемі 31,6 млрд. теңгені құрады, НКИ - 279,8%.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 57,2%-ға орындалды, болжамдағы 80,5 млрд. теңгенің орнына 46,0 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық –38,9 млрд. теңге немесе (53%), жергілікті – 7,1 млрд. теңге немесе (99,2%). Аудандық бюджетке 3,7 млрд.теңге түсіп, бес айдың болжамы 91,2%-ке орындалды. Бюджеттің шығыстар бөлігі 6,7 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 99,8 пайызға орындалды.
Жалпы ауданда 1804 адам жұмысқа орналастырылды.