Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2024 жылдың ІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2024 жылдың ІІ тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы.

2024 жылдың ІІ тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 51 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 59).

2024 жылдың ІІ тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4 827. Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 43;
  • қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 085;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1 960;
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1 024;
  • «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 715.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 29. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық      саны – 1 119.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы.

Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес                2024 жылдың ІІ тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 2.

IІ тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 2 («Басқұншы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ).

           І тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0.

         Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау бойынша «дөңгелек үстел» өткізу туралы 2 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған.

Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы ІІ тоқсанда 4990 қызмет алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік қызметтер тізілімінде мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері мен сілтемесі көрсетілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен сілтемесін енгізу ұсынылады.

«Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік қызметтер тізілімінде мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері мен сілтемесі көрсетілмеген және тізілімнің орыс тіліндегі нұсқасында реттік нөмірімен сәйкес келмейді және Мемлекеттік қызметтің атауы сәйкес келмейді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен сілтемелерін енгізу және реттік нөмірді мен Мемлекеттік қызметтің атауы сәйкестендіру ұсынылады.

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Мемлекеттік қызметтер тізілімінде көрсетілген сілтемеде мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен сілтемесін енгізу ұсынылады.

Жасырын мемлекеттік қызметтер бойынша ұмыныстар: «Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қағидаларға сәйкес қызмет көрсетушілер болып Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері болып табылады. Алайда, аталған қызмет түрі кент, ауыл, ауылдық округтерге жасырын болып тұр. Қағидаларға қызмет көрсетушілер болып кент, ауыл, ауылдық округтерді қосу ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2024 жылдың ІІ тоқсанында 20 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 2, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 1, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы – 17) өтіп 4395 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 4346 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 2 мақала жарияланды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны – 1.

           Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 6, оның ішінде негізді бас тартудың саны – 6, оның ішінде электронды түрде – 6, қағаз түрде – 0. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.

 Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.

 

 

     Панфилов ауданы әкімі аппараты

     Мемлекеттік қызметтер мониторингі

     және ақпараттық технологиялар

     бөлімшесінің басшысы                                                 А. Касенов

Дата публикации
11 июля 2024