Мемлекеттік органдарға электрондық өтініш

Құрметті азаматтар!

        Сіздер Интернет арқылы аудан әкіміне тікелей (аудан әкімінің блогына) сауалдарыңызды жолдай аласыздар және  оған 30 күнтізбелік күн ішінде жауап ала аласыздар.

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына электрондық өтініштерін Электрондық үкімет порталы "Азаматтар және үкімет" бөлгінде жүзеге асыруға болады.

        Бұл сервис арқылы сіздер кез келген мемлекеттік органға хат жаза және жібере аласыз. Бұл жерде хаттың жеткізілуіне кепілдік береміз, оның мәртебесін бақылай аласыз әрі жауап хатты да алуға болады.

 

Нормативтік құқықтық актілер

ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібі

Қазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы

 

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

(12-бап. Қазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы)

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн. 
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Ауызша мәлімет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуыңызға болады:

Жалпы сұрақтар

Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімшесінің басшысы

Муналиева Гүлнәр Нұрақынқызы

Тел.: 8(72831)5-23-52

Хат-хабарлар және азаматтарды қабылдауға жауапты

Аудан әкімі аппараты жалпы бөлімшесінің бас маманы:
Бердіғұлова Мария Әбдіқадырқызы

Тел./Факс: 8(72831)5-02-59

Азаматтарды қабылдау мен олардың өтініштерін қарау тәртібі

№

Лауазымы

АТӘ

Қабылдау жүргізетін орны, бөлме нөмірі

Қабылдау уақыты

1

Аудан әкімі

Өмірәлиев Талғат Әбенұлы

300

Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері

2

Аудан әкімінің орынбасары

Курбанов Шухрат Бурхандинұлы

200

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері

3

Аудан әкімінің орынбасары

 

204

 

4

Аудан әкімінің орынбасары

Магрупова Роза Азаматқызы

200

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері

9

Аудан әкімі аппараты басшысы

Сқақов Ербол Абылайханұлы

303

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері

2020 жылдың 6 айында  аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу: 

2020  жылдың 6 айында аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 639 өтініш келіп түсті, оның ішінде 576 жеке тұлғадан, 63 заңды тұлғадан. 

 

Электронды үкімет порталына  42500 әлеуметтік төлемі бойынша  299, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы 275 өтініш түсті.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілді: 

- жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу – 44,8 пайыз;

- басқа мәселелермен – 55,2 пайыз;

Аудан басшылығы жеке мәселелері бойынша 178 адам қабылдады, соның ішінде 4 мәселе оң шешімін тапты, 174 - не түсініктеме берілді.

         Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әр қайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауап және түсініктеме берілді.

Дата публикации
21 сентября 2020