Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығы 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес 2024 жылғы шілде айының 9-ы күні сағат 15-00 де Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округі "Пенжім орта мектебі" КММ-нің мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде Атамекен ауылдық округіне қарасты жаңа елді мекен статусын анықтау туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.