Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 тамызда № 33250 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 300-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық
1-бөлім. Жалпы ережелер
1) әзiрлеушi – жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) бүлінген жерлер – адамның өндірістік қызметі нәтижесінде бастапқы ландшафтын және өзге құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимінің және жер рельефінің бүлінуіне байланысты қоршаған ортаға теріс әсер ету көзі болып табылатын жерлер;
3) жерлерді қалпына келтіру – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерлерді, оның ішінде бүлінген жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жатқан жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
4) жерлердің бүлінуі – топырақ жамылғысының, жергілікті жер рельефінің гидрологиялық режимінің бүлінуіне және жер жағдайының басқа да теріс өзгерістеріне әкеліп соқтыратын пайдалы қазбаларды, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, геологиялық-барлау, іздестіру құрылыс жұмыстары кезінде болатын процесс;
5) мелиоративті кезең – қалпына келтірілетін жерлердің сапасын жақсарту және олардың құнарлылығын қалпына келтіру жүргізілетін уақыт интервалы;
6) топырақтың әлеуетті-құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық қасиеті бар топырақ кескінінің бөлігі;
7) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялык қасиеті бар топырақ кескінінің қара шіріктелген бөлігі.
2-бөлім. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу тәртібі
1) ауданның табиғи жағдайлары (климаты, топырақ-өсімдік жамылғысы, геологиялық және гидрологиялық жағдайлары);
2) ауданды дамыту перспективалары;
3) жерлерді қалпына келтіру уақытында бүлінген (бүлінетін) жерлердің нақты немесе болжанатын жай-күйі (алаңдары, жергілікті жер бедерінің нысандары, шөптің табиғи өсу дәрежесі, топырақтың құнарлы және әлеуетті құнарлы қабаттарының болуы, су астында қалуы, эрозиялық процестер, ластану деңгейі);
4) аршынды және жанасқан тау жыныстарының және олардың үйінділердегі қоспалардың химиялық және гранулометриялық құрамының, агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттерінің, инженерлік-геологиялық сипаттамаларының көрсеткіштері;
5) бүлінген жерлер орналасқан аудандардың шаруашылық-экономикалық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйлері;
6) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар.
1) пайдаланылуы жерлердің бүлінуіне әкеліп соғатын жер учаскесін беру кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жер учаскесін беру туралы шешім қабылдаған кезден бастап бір жыл ішінде;
2) нәтижесінде пайдаланылуы жерлердің бұзылуына әкеп соғатын жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдаған кезден бастап бір жыл ішінде;
3) бүлдірген тұлғалар туралы мәліметтер жоқ, бұрын бүлінген жерлерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімі қабылданған кезден бастап бір жыл ішінде жүргізіледі.
1) дайындық жұмыстары (далалық жұмыстар);
2) зерттеп-қарау жүргізу;
3) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын және схемаларын әзірлеу (камералдық жұмыстар);
4) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру.
1-параграф. Дайындық жұмыстары (далалық жұмыстар)
1) объектінің орналасқан жерін, бүлінген жерлердің нақты шекараларын анықтау, қалпына келтірілетін учаскелерді перспективада пайдалану мүмкіндігін белгілеу;
2) бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін үйінділердегі топырақтың құнарлы және әлеуетті-құнарлы қабатының бар-жоғын анықтау;
3) үйінділердегі топырақтың құнарлы және әлеуетті-құнарлы қабаттарының сапасын, олардың минералогиялық және механикалық құрамын, жыныстардағы улы тұздардың бар-жоғын және химиялық мелиорацияның қажеттілігін алдын ала айқындау және табиғи өсу жағдайын нақтылау;
4) топографиялық, топырақтық-мелиоративтік, аграрлық орманды мелиоративтік, геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулерді жүргізудің қажетті көлемдерін айқындау.
Ластанған жерлерде қосымша ластану себебі мен көзі, топырақ ластануының қауіптілік дәрежесі айқындалады.
Бірінші кезеңде антропогендік қызметтің салдарларын жою үшін бүлінген жерлерді дайындау, бүлінген жерлерді кейіннен игеру және биологиялық қалпына келтіру міндеттерін шешу үшін қолайлы топырақтық, ландшафттық, гидрологиялық, жоспарлау жағдайларын жасау жүргізіледі.
Екінші кезеңде топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру, көгалдандыру, мелиорациялық жұмыстар, топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық, биохимиялық және басқа да қасиеттерін жақсартуға бағытталған топырақты биологиялық тазарту жүзеге асырылады.
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге арналған тапсырма осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
2-параграф. Зерттеп-қарау жүргізу
топографиялық;
топырақтық-мелиоративтік;
аграрлық орманды мелиоративтік;
геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулер жүргізіледі.
Топографиялық іздестірулер 1:500; 1:1000, 1:2000, 1:3000, 1:4000, 1:5000 масштабтарында бүлінген жерлерді қалпына келтіру шараларын графикалық түрде көрсету үшін орындалады.
1) бүлінгенге жататын жерлерде топырақтың құнарлы және әлеуетті-құнарлы қабаттарының жай-күйінің толық сипаттамасын алу, сондай-ақ қуаттылығын белгілеу және оларды алу тәртібін белгілеу, қоймаға қою шарттарын және кейіннен пайдаланылуын айқындауды;
2) бүлінген жерлерде техникалық немесе биологиялық қалпына келтіру жобаларын жасау үшін сол жерлердегі топырақтар мен қоспалардың белгілері мен қасиеттерін белгілеуді;
3) өнімділігі аз алқаптарға қосымша құнарлы қабат (жерді игеру) салу жолымен осы алқаптардың өнімділігін арттыру бойынша жобалық шешімдер әзірлеу үшін қажетті сол алқаптардағы топырақтың белгілері мен қасиеттері туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.
Мұнаймен ластануға ұшыраған жерлерді зерттеп-қарау кезінде мұнай өнімдері көп жерлердің контурлары белгіленеді, ластанудың бойлау тереңдігі айқындалады, топырақ құрамындағы мұнай өнімдері деңгейін анықтау үшін сынамалар таңдалады. Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған кезде ластағыштар таралған шекараның түбіне дейін сынамалар алынады.
Ластағыш заттарды айқындау әдістері МЕМСТ 17.4.3.03 "Табиғатты қорғау. Топырақтар. Ластанған заттарды анықтау әдістеріне қойылатын жалпы талаптар" мемлекетаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады;
4) топырақтық-мелиоративтік іздестіру нәтижелері бойынша МЕМСТ 17.5.1.03 "Табиғатты қорғау. Жерлер. Жерлерді биологиялық қалпына келтіру үшін аршынды және жанасқан жыныстардың классификациясы" және МЕМСТ 17.5.3.06 "Табиғатты қорғау. Жерлер. Жер жұмыстары өндірісінде топырақтың құнарлы қабатын сыдыртып алу нормаларын айқындауға қойылатын талаптар" мемлекетаралық стандарттарына сәйкес бүлінген жерлердің топырақтық-мелиоративтік карталары, ал қажет болған жағдайда жерлердің бүліну, жыныстардың улылығы, тұздануы, сортаңдануы, мұнай өнімдерінің болуы, ауыр металдардың болуы, топырақтың құнарлы қабатын алып тастау, аршынды және жанасқан жыныстарды пайдалану дәрежесі бойынша топырақтық-мелиоративтік картограммалар жасалады;
5) топырақтық-мелиоративтік іздестіру материалдарына түсіндірме жазба зерттеп-қарау объектісінің топырақ қабатының сапасы туралы қорытындыны, минералды тыңайтқыштарды енгізу бойыша ұсынымдарды және мелиоративті кезеңде егу үшін жарамды шөптер мен шөп қоспаларының, ағашты-бұталы жыныстардың тізбелерін қамтиды.
Өнімділігі төмен алқаптарда өнімділікті арттыру үшін көзделген топыраққа қосымша құнарлы қабат қосу арқылы осы алқаптардың өнімділігін арттыру үшін қажетті топырақтың белгілері мен қасиеттері туралы деректер алу мақсатында топырақ іздестірулер жүргізіледі.
Топырақтың химиялық, физикалық-химиялық және физикалық қасиеттерін анықтау үшін генетикалық қабаттардан үлгілерді алу, ал олардың минералдануын анықтау үшін жер асты суларының сынамаларын алу жүргізіледі.
3-параграф. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру схемалары мен жобасын әзірлеу (камералдық жұмыстар)
1) қалпына келтіру бағытына қарай бүлінген жерлерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың технологиясын әзірлеу;
2) бүлінген жерлерді қалпына келтірудің техникалық және биологиялық кезеңдерін жүргізу үшін жұмыстардың көлемдерін, арнайы техника мен қажетті материалдардың қажеттілігін айқындау;
3) жұмыс өндірістерін ұйымдастыру (қалпына келтірудің күнтізбелік графигі);
4) сметалық құжаттама жасау;
5) жұмыс өндірісі бойынша жұмыс сызбаларын әзірлеу кіреді.
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының мәтіндік бөлігі мыналарды қамтиды:
1) басты бет;
2) құжаттар тізімдемесі (жобаның мазмұны);
3) технологиялық және инженерлік шешімдер негіздемелері бар түсіндірме жазба;
4) қалпына келтірілуі тиіс бүлінген (бүлінуі тисі) жерлерді зерттеп-қарау актісі;
5) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге арналған тапсырма;
6) іздестіру материалдары;
7) техникалық-экономикалық көрсеткіштер;
8) жобалау бөлігі;
9) сметалық бөлік.
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының графикалық бөлігі сызбалардан (жер учаскесінің схемасы, топографиялық карта, топырақ карта, топырақтың құнарлы қабатын және (немесе) топырақтың әлеуетті құнарлы қабатын сыдырып алу картограммасы) тұрады.
4-параграф. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды айқындау мақсатында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберіледі. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде келісіледі.
|
|
Бүлінген жерлерді қалпына |
Нысан
Қалпына келтірілуі тиіс бүлінген (бүлінуі тиіс)
жерлерді зерттеп-қарау
актісі
________ жылғы "___" ____________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кен орындарын өңдейтін, құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның атауы)
бүлінген немесе бүлінуі тиіс жер учаскесіне зерттеп-қарау жүргізді.
Зерттеп қарау нәтижесінде мыналар белгіленді:
____________________________________________________________________
(учаскенің орналасуы көрсетіледі) орналасқан.
_____________________________________________________________________
(жерлердің нақты пайдаланылуы, сондай-ақ сызбаларға, жобаларға және
______________________________________________________
басқа материалдарға сәйкес перспективті пайдаланылу мүмкіндігі
көрсетіледі) пайдаланады.
____________________________________________________________________
(бүліну түрі, алаңның сипаттамалары)
____________________________________________________________________
______________________________________________________
(меншік иесінің немесе жер пайдаланушының ұсынымдары негіздемелері
____________________________________________________________________
мен себептері баяндай отырылып көрсетіледі)
Жер учаскелерін зерттеп-қарау нәтижесінде жобада мыналарды қарастыру ұсынылды:
____________________________________________________________________
(алқап түрі немесе жерлерді шаруашылыққа пайдаланудың өзге де бағыттары)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану:
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қолдағы бар __________________ масштабтағы бүлінген жерлердің
топографиялық жоспарын, сондай-ақ __________________________
масштабтағы қолда бар
топырақтық зерттеп-қарау материалдары пайдаланылсын.
Қолда бар материалдар ____________________ масштабтағы топографиялық
іздестіру материалдарымен, ____________________________, масштабтағы
топырақтық-мелиоративтік іздестірулермен, ___________________ басқа
іздестірулермен толықтырылсын.
Қосымшалар:
Бүлінген жерлердің сипаттамасы (контурлар бойынша ведомость);
Жер пайдалану жоспарынан схема;
Бүлінген жерлердің схемасы.
Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары
жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің, тапсырыс берушінің және басқа да мамандардың
қолдары:
Ескерту: қажет болған кезде шешілетін мәселелердің мазмұны актіде толықтырылуы мүмкін.
|
|
Бүлінген жерлерді қалпына |
Нысан
"Келісілді" "Бекітемін"
Жобаны әзірлеуші Тапсырыс беруші
(толық атауы, (толық атауы,
аты, әкесінің аты аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі) (бар болса), тегі)
20___ жылғы "___" ________ 20___ жылғы "___"_______
Қолы Қолы
Мөр (бар болса) Мөр (бар болса)
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге арналған тапсырма
|
Р/с № |
Тізбе |
Көрсеткіштер |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
жобалау үшін негіздер (қалпына келтірілуі тиіс бүлінген (бүлінуі тиіс) жерлерді зерттеп-қарау актісі) |
|
|
2 |
жобаны әзірлеуші |
|
|
3 |
жобалау сатылығы |
|
|
техникалық кезең |
|
|
|
биологиялық кезең |
|
|
|
4 |
объектінің – учаскенің атауы |
|
|
5 |
объектінің – учаскенің орналасқан жері (әкімшілік аудан) |
|
|
6 |
қалпына келтірілетін объектінің сипаттамасы: |
|
|
жалпы алаңы, гектар |
|
|
|
оның ішінде мыналарға пайдалану болжанады (алдын ала) |
|
|
|
егістік |
|
|
|
шабындық |
|
|
|
жайылым |
|
|
|
көп жылдық екпелер |
|
|
|
орман жолақтарын қоса алғанда орман екпелері, |
|
|
|
шалғындандыру |
|
|
|
өндірістік және өндірістік емес құрылыс |
|
|
|
7 |
қатпарланып үйілген қорлардың болуы (немесе құнарлы қабаттан алынатын көлемі) мың текше метр |
|
|
8 |
топырақтың қатпарланып үйілген немесе алынатын әлеуетті-құнарлы қабатының болуы мың текше метр |
|
|
9 |
уақытша үйінділер үшін бөлінетін жерлердің алаңы, гектар |
|
|
10 |
техникалық проблемалар: |
|
|
жыныстардың тұздануы және қайталама уыттылық дәрежесі |
|
|
|
ластану деңгейі |
|
|
|
ластанудың бойлау тереңдігі |
|
|
|
объектінің сулану дәрежесі және құрғату (дренаж) қажеттілігі |
|
|
|
су және жел эрозиясының және басқа геодинамикалық процестердің даму дәрежесі |
|
|
|
тас басу дәрежесі |
|
|
|
ағашты және бұталы өсімдіктердің қаптап өсу дәрежесі |
|
|
|
11 |
қажетті іздестірулердің түрлері мен көлемдері |
|
|
12 |
жұмыстардың: қалпына келтірудің техникалық кезеңі, қалпына келтірудің биологиялық кезеңі басталуының және аяқталуының алдын ала мерзімдері |
|
|
13 |
қалпына келтіру жобасын әзірлеуді аяқтау мерзімі |
|
|
14 |
ерекше жағдайлар |
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК