«Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
24 мамыр 2024 жыл Жаркент қаласы
«Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімінің 2024 жылғы 2 мамырдағы №20-б н/қ бұйрығы негізінде ішкі талдау 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының жұмыс кезеңін қамтыды.
Аудан әкімінің аппараты Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №309 қаулысымен бекітілген ереженің негізінде жұмыс істейді.
Ережеге сәйкес аппараттың міндеті аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
II.АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1. Аппарат өз қызметінде мына заңнамалық актілерді басшылыққа алады:1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін; 3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексін;4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін; 5) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; 6) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; 7) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; 8) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;10) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; 11) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; 12) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 қаулысын.13) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысын;14) «Бюджеттен қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және салқын суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысын; 15) «Мемлекеттік органдардың аппараттарын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысын;16) «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының қызметтік іссапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысын; 17) Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысын; 18) «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығын. 19) Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығын;20) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы бұйрығын. 2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша (қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.) Талдау барысында мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы келіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтар фактілері, дискрециялық өкілеттіктердің болуы, процестерді нақты регламенттеудің бірыңғай тәсілдемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің болуы жағдайларын анықталды. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Бонустар төлеу туралы шешімді: Мемлекеттік әкімшілік қызметші бонусының мөлшері мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі қорытынды бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусын төлеу "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не ол өкілеттік берген мемлекеттік органның аппарат басшысы қабылдайды.» -деп көрсетілген.
Ұсыныс: Мемлекеттік қызметшілер тарапынан «Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
АППАРАТТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
3.1.Персоналды басқару бағыты бойынша
1.«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу және тағайындау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметке қатысты сала бойынша заңдардың сақталуы, Әдеп кодексі талаптарын сақтау мақсатында ұдайы семинар түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру.
3.2.Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша
Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабының талаптарын ескере отырып, жақын туысқандар лауазымы бойынша тікелей бағынуы, сол сияқты бір аудан аясында жақын туыстардың негізгі басшы лауазымдарын атқаруы, сонымен қатар, аталған тұлғалардың заңсыз шешімдерді қабылдау фактісі орын алмаған.
2) Мүделлер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функциялар аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөліміне жүктелген.
3) Мүдделер қақтығысы бойынша ақпарат тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне ақпарат тапсырылады.
4) «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Мемлекеттік сатып алу процедурасын талдау (тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер) барысында үлестес фактілер анықталған жоқ.
Жақын туыстардың, жұбайлардың және туыстардың бірлескен қызмет ету (жұмыс) фактілерін анықтау үшін қызметкерлердің жеке құжаттарын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ондай фактілер анықталған жоқ.
Ұсынылады: Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша
Көрсетілген қызметтердің саны – 25368. Оның ішінде:
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 31;
қағаз түрінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіле алатын қызметтер-130;
қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электорндық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 12005;
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6609;
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2879;
«Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3714;
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы – 1482, оның ішінде негізді бас тартудың саны – 1482, оның ішінде электронды түрде – 1101, қағаз түрде – 381. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 94. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық саны – 1928.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе ұсынылмаған құжаттарды талап ету фактілері орын алмаған.
Аудан әкімі аппаратының көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
1.Тууды тіркеу-1841
2.Қайтыс болуды тіркеу-345
3.Неке қиюды тіркеу-381
4.Неке бұзуды тіркеу-51
5.Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру - 13
7.Азаматтық хал актілері жазбаларын жою-1
Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштар арқылы барлығы 16203 (І тоқсанда 3710, ІІ тоқсанда 3817, ІІІ тоқсанда 4532, ІV тоқсанда 4144) қызмет алынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 205 іс-шара өтіп 70537 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 70170 тұрғынға кітапша таратылды. Аудандық «Жаркент өңірі» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртәбә бойынша 109 мақала жарияланды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында аудан бойынша 11 билборд ілінді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша білімін жетілдіру курсына 6 маман қатысып, сертификат алды.
Ұсынылады: Мемлекеттік қызметтің жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Қағидалары талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әр тоқсан сайын мақала жариялау, акция, мемлекеттік қызметтер жәрменкесін өткізу.
3.4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша
Аудан әкімінің аппараты Панфилов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №309 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.
3.5.Бақылау функцияларын іске асыру бағыты бойынша
Аудан әкімінің аппараты Қарасай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №309 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес Панфилов ауданы әкімі аппаратында бақылау функциялары жоқ.
3.6. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша
2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1758 өтініш түскен. Е-өтініш бірыңғай платформасына келіп түскен өтініштер саны –800. Өтініштердің барлығына жауабы берілген. Жауабы берілген өтініштердің ішінде -1213 қанағаттандырылып, 367 өтінішке заңға сәйкес жазбаша түрде түсінік беріліп, 103 өтініштің қарастырылуы тоқтатылған, 75 өтініш өз құзыреті шегінде қарастыру үшін басқа мемлекеттік мекемелерге жолданған. Аудан әкімі мен оның орынбасарларының жеке қабылдауында 517 азамат болған. Оның ішінде: аудан әкімі – 346, аудан әкімінің орынбасарлары –156 азамат, аппарат басшысы –15 азамат қабылдаған. Қабылдауда болған азаматтарға заң аясында түсінік берілген.
«Е-лицензия» ақпарттық бағдарламасы бойынша жалпы саны 823 өтінім түскен. Өтініштер заңға сәйкес уақытылы қарастырылып, тиісті жауаптары беріліп отырған.
Талдау барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алулары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының нормаларына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына» сәйкес жүргізілетіні анықталды.
Қарастырылып отырған кезеңде аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімімең 197 мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Оның ішінде: ашық конкурс тәсілімен 9 сатып алу, бағалы ұсыныстарға сұраным 166, тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден 22, Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу - жоқ.
Ұсынылады: Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу және қосымша бір бөлек маман бөлу.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жұмыс тобы ұсынады:
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметке қатысты сала бойынша заңдардың сақталуы, Әдеп кодексі талаптарын сақтау мақсатында ұдайы семинар түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру.
Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік қызметтің жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Қағидалары талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әр тоқсан сайын мақала жариялау, акция, мемлекеттік қызметтер жәрменкесін өткізу.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу және қосымша бір бөлек маман бөлу.
Аппарат басшысы Е.А.Сқақов
Аудандық қоғамдық кеңестің
төрағасы А.Ж.Жақыбай
Аудан әкімі аппаратының заң,
мемлекеттік-құқық бөлімшесінің
басшысы Н.Н.Молбаева
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік
қызметтер мониторингі және
ақпараттық технологиялар бөлімшесінің
басшысы Ә.Р.Қасенов
Аудан әкімі аппаратының персоналды
басқару бөлімшесінің басшысы А.Ш.Бесқалиева
Аудан әкімі аппаратының заң,
мемлекеттік-құқық бөлімшесінің
бас маманы М.А. Джамалова
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру
бөлімшесінің бас маманы З.Б.Курманбекова
Панфилов ауданы бойынша
«Жетысу адалдық алаңы» жобалық
кеңсесінің басшысы, «Азияветсервис»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бас директоры Р.А.Сакиева
Панфилов аудан әкімінің
аппаратының жалпы бөлімшесінің
бас маманы М.Е.Қалқабаева
ТАНЫСТЫМ:
Аудан әкімінің орынбасары Т.Н. Керімбеков