«Панфилов ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
талдамалық анықтамасы
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орындау мақсатында және «Панфилов ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының 2024 жылғы «__26__»____03_____ №34 бұйрығына сәйкес,
«Панфилов ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Бөлім) 2024 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізілді.
Талданатын кезең: 2024 жылдың 02 сәуірнен 12 сәуір айының аралығы.
«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтарды іске асыру кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін, өз қалауы бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының шешім қабылдауына ықпал ететін ережелер анықталған жоқ. 2024 жылы Бөлімде басшының негізгі қызмет, жеке құрам, ұйымдастыру-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша бұйрықтары Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңдарына, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес келеді.
Бөлімнің ұйымдық-басқару қызметіне ішкі талдау келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару бойынша;
2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;
3) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;
5) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;
6) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;
7)тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;
8) қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша;
9) Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
2024 жылдың талдауы Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Еңбек кодексін, Бөлімнің ережесін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бөлімнің штаттық саны 3 бірлікті құрайды, бос жұмыс орындары – 2. (бөлім басшысы).
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттер Бөлімнің мамандарына жүктелген. Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес Бөлім мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Оның ішінде:
МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары, кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру.
2024 жылдың 02 сәуірі мен 12 сәуір айы аралығында жеке тұлғалардан өтініш түспеді.
қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру.
2024 жылдың 02 сәуірі мен 12 сәуір айы аралығында жеке тұлғалардан өтініш түспеді.
қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы.
2024 жылдың 02 сәуірі мен 12 сәуір айы аралығында жеке тұлғалардан 4 өтініш түсті.
жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
2024 жылдың 02 сәуірі мен 12 сәуір айы аралығында жеке тұлғалардан өтініш түспеді.
2024 жылдың 02 сәуірі мен 12 сәуір айы аралығында жеке тұлғалардан 5 өтініш түсті.
2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш келіп түскен. Қайталама өтініштер түскен жоқ. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарау мерзімі мен тәртібі қатаң сақталған. Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
2024 жылы бөлімде 5 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы – 3, заң бұзушылықсыз өткізілген, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу – 0, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей келісім-шарт жасасу жолымен–5, ашық конкурс жолымен – 0, заң бұзушылықсыз өткізілген.
Бөлімнің лауазымды тұлғаларына қойылатын талаптар қатаң сақталады. Бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) танысқан. Азаматтар тарапынан Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне арыз, шағым түскен жоқ.
Бөлімнің лауазымды тұлғалары туралы сыни мақалалар жарияланған жоқ. Бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекетіне сот арқылы шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.
Қорытынды.
Бөлімнің лауазымды адамдары заңдылық қағидаттарын басшылыққа алады, өзінің іс-әрекеттерімен жоғары тұрған уәкілетті органның және тұтастай алғанда бүкіл мемлекеттік биліктің беделін нығайтады, бөлімнің беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермейді, қоғамның Бөлімге, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болады. Деректерді талдау нәтижелері бойынша Бөлімде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары интернет-ресурсқа орналастырылады.
Ұсыныс.
«Панфилов ауданының М.Дулатов
тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі, автомобиль жолдары
және тұрғын үй инспекциясы
бөлімі» ММ-н ММ-нің басшысының у.м.а
Бас маман А.Мырзагалиев
Бас маман Б.Сүлеймен
Инспектор Г.Нургазиева
Іс жүргізуші М.Сыргабаева