Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Бөлім басшысы |
Бөлімнің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметіне басқарушылық шешімдер қабылдау,бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы атқарылуын бақылау |
Қаржы-шаруашылық қызметке жеке-дара шешім қабылдау |
Жоғары |
|
Бас маман |
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен жеке байланыстың болуы |
жоғары |
«Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
1.Бөлім қызметінің мәселелерін реттейтін құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;
2.Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша шешімдер қабылдау;
3.Азаматтардың өтініштерін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте (ӘРПК) белгіленген тәртіппен қарау;
4.Қаралуы бөлімнің құзіретіне кіретін өтініштерді қарау.
Бөлім басшысы С.Хасенов