«Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 3 қаңтарынан 31 желтоқсан, 2024 жылдың 31 наурыз аралығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтамасы
Жаркент қаласы 18 сәуір 2024 жыл
КІРІСПЕ
"Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" (бұдан әрі - Бөлім) өз қызметін Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі-Ереже) негізінде жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Бөлімнің миссиясы Панфилов ауданында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ Панфилов ауданының тұқым шаруашылығы саласында агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
1.1. Бөлім өз қызметінде негізінен келесі құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Кодексімен;
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)"2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексімен;
- ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен;
- "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексімен ;
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Қазақстан Республикасының Заңымен;
- "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңымен;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңымен;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ;
- "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңымен;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» № 301 бұйрығымен;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» № 443 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы «"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 236 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығы.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша.
Штаттық кестеге сәйкес бөлімнің штаттық саны 6 бірлікті құрайды, бос жұмыс орындары жоқ.
Персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.
"Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ-нің балансында пәтер жоқ.
3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде және жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.
3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша.
Бөлім Келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді::
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру;
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Талдау барысында мыналар анықталды:
- "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету "электрондық үкіметтің" веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мүмкін болады. Порталда жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер тізбесінде осы мемлекеттік қызмет бар, алайда өтінімді беру техникалық мүмкін емес. Осыған байланысты өтінімдерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ұсыныс: адами фактордың болуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігіне байланысты жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті көрсетуді толық автоматтандыру ұсынысымен хатты жоғары тұрған органдарға жіберу.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығымен бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына" сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні. Егер мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Бұл ретте тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Жоғарыда айтылғандардан тыңдауды өткізу туралы хабарламаны жіберу мерзімдерін сақтау мүмкін емес.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көрсетілген мерзімдерді сақтау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұлғайту мүмкіндігін қарау туралы жоғары тұрған органға хат жолдау.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болуы.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
- Бөлім қызметінің мәселелерін реттейтін құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау;
- Заңнама нормаларына қатаң сәйкестікте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша шешімдер қабылдау;
- "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуді толық автоматтандыру ұсынысымен хатты жоғары тұрған органдарға жіберу;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көрсетілген мерзімдерді сақтау мақсатында "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларымен" бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұлғайту мүмкіндігін қарау туралы жоғары тұрған органға хат жолдасын
Топ мүшелері:
"Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ-нің басшысы С.Хасенов
"Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ бас маманы И.Байжұма
"Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ бас маманы М.Бекдайыр