«Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Жаркент қаласы 12 сәуір 2024 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
"Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі " ММ (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №13 бұйрығы негізінде "Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" 2023 жылғы 3 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында, 2024 жылғы 31 наурыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2023 жылғы 3 қаңтар мен 31 желтоқсан, 2024 жылғы 31 наурыз аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
"Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ өз қызметін Панфилов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 843 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ АНЫҚТАУ
Бөлім басшылыққа алады:
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Штаттық кестеге сәйкес бөлімнің штаттық құрамы 5 бірлік, 2 бос бірлік бар.
Бөлім қызметкерлері арасында туыстық байланыстар анықталған жоқ.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 17-бабына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Бөлім қызметкерлерінің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы анықталған жоқ.
Бөлім тарапынан кадрларды жұмысқа қабылдау кезінде ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар) 61-тармағына сәйкес Комиссия мүшесі өзінің жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарауға және тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттеуге қатыспайды немесе егер Комиссия мүшесінің осы тергеуге тікелей немесе жанама мүдделілігі болса.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 61-тармағына сәйкес деректерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бөлімнің қызметінде мүдделер қақтығысы (қызметшінің жеке мүдделілігі мен оның лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы арасындағы қайшылық) жағдайлары анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша
Бөлімде көрсетілетін мемлекетік қызметтер:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
- Мынадай біліктілік санаттарын беру: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;
Ұсыным: Кадрлардың ауыса беруіне жол бермеу.
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге атқаруы бойынша, бөлімінде жағдайлар кездеспеуін қадағалау.
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР
2024 жылғы 2-12 сәуірден бастап бөлім 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрыққа сәйкес 2023 жылғы және 2024 жылғы 1 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыстар жүргізді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін департамент қолданатын әдістер мен алдын алу шаралары тұрғындармен бұқаралық ақпарат құралдарында кездесулерде жариялау, заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі туралы меншік иелеріне нұсқаулар тарату, мемлекеттік қызметтердің жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат орналастыру.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері бар ақпараттық стенд сондай-ақ ақпарат алу үшін телефон бар.
Сенім телефон жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлық туралы қоңыраулар түскен жоқ.
РҰҚСАТ БЕРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРЫНДАУ
Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып:
- Бөлім қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау.
- Заңға сәйкес қатаң түрде мемлекеттік қызметтер көрсету туралы шешімдер қабылдайды.
- Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оны болғызбау мақсатында, жаңадан енгізілген заң бойынша техникалық түсіндірме сабақтар өткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейне қараулар көрсету арқылы дәрістер өткізу.
Жұмыс тобының мүшелері
Кушербаева Т.Е Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы
Қонысбаев Ж.А. Панфилов ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы
Қатубеков М.Ә. Аудандық мәдениет үйінің директоры
(келісім бойынша)
Панфилов ауданының ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және спорт
бөлімінің басшысы Н.Алимов